Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 жастағы батыр ананың жүрегіне ота жасалды

Қызылордалық 70 жастағы батыр ананың жүрегіне операция жасалды. Үйтолған Бейсенғалиева туабітті жүрек ақауына шалдыққан. Яғни жүрегінің тесігі бар. Ондай науқастарды 5-6 айлық кезден 5 жасқа дейінгі аралықта хирургиялық жолмен емдеу қажет.

глнор

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

15 жылдай күріш зауытында еңбек еткен сырбойылық кейуана сырқатына мән бермей, 10 баланы дүниеге әкелген. «Батыр ананың сыр бермей, аяқ басып жүргені – таңқаларлық жағдай», – дейді кардиологтар. Бірақ шөбере сүйген қарияның кейінгі кезде ентігуі жиілепті. Таяқ тастам жерге жетуі қиындаған соң дәрігерлерге жүгінген.

Жергілікті мамандар әуелде науқасқа Астанадағы кардиоорталыққа баруға кеңес берсе керек. Бірақ Үйтолған ана Қызылорданың хирургтарына сенім білдірген.

“Тексеру барысында туабітті ақаудың асқынуларын кездестірдік. Қалқаншалардың жетіспеушілігі мен бір тамырдың зақымдалуын анықтадық. Сөйтіп, үш операция жасауға тура келді. Бүгінгі таңда 2 апта өтті, жағдайы орташа. Осы аптада үйіне шығарылуға дайындалып жатыр”, – дейді облыстық медицина орталығы кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Берік Дәуітбаев.

Талқылау