Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 жастағы әжей электрлі тұрмыстық техникаларды өзі жөндеп ала береді (Видео)

Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны Бибіажар Шариғатова он саусағы майысқан шебер. 70 жасқа келсе де, немерелерінің шаш үлгілерін дайындап, баласы үйде жоқта балға-шегесін тастамайды. Балалары оның тұрмыстық жабдықтарды, электр қондырғыларын өзі жөндеп алатынын айтады.

111

Бұл туралы Stan.kz сайтының Ақтөбедегі тілшісі хабарлайды.

Құрақ құрайды, қыс мезгіліне тұздықтар әзірлейді.  Тіпті, префоратор ұстап, ағаштан тұрмысқа қажетті жиһаздарды әзірлеп алғысы келеді.

20160207_142058

«Келін болып түсіп жатқан кезім. Үйде ата-енем бар. Далада жаңбыр құйып кетті. Жолдасым мал айдап кеткен. Кенет үйдің жарығы өшті де қалды. Жобалап қарадым да, қолыма енемнің мәсісін киіп алдым да, үзілген сымдарды  ұстап, атауызбен жалғай қойдым. Төменге қарасам, атам да, енем де, мені токқа түсіп өледі деп, жандары шығып қашып кетіпті», – дейді Бибіажар апай.

Мектепте физика пәнінен үлгерімі жақсы бола қоймаса да, әкесінің, ағаларының қасында жүріп көргендері бар, әрі өзінің жүрек жұтқан қасиеті болса керек, электр жабдықтарынан қорықпай жөндеп ала береді.

Талқылау