Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жыл бұрын ұлы жоғалып кеткен алматылық әйел оны “өлі күйінде тауып алды”

Алматыда ұылының жоғалғанынан 7 жыл өткеннен кейін полицияға шағымданған әйелдің оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

7 жыл бұрын ұлы жоғалып кеткен алматылық әйел оны "өлі күйінде тауып алды"

Сурет: Ruspekh.ru

«Оны ауруханаға алып келген кезде бауыр циррозының салдарынан ұстамасы болды. Ол әлі тірі болатын. Артынша ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер бірнеше күн күтті. Оның өзімен бірге құжаттары болмаған. Мұнан кейін оны жерледі», – дейді 7 жыл бұрын жоғалып кеткен Айдар Кішібаевтың анасы Әлима Сқағиева.

Анасының сөзінше, ұлы жоғалып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң қайтыс болған. Ол үйіне полиция қызметкерлерінің келіп, осынша жыл бойы неліктен шағымданбағанын сұрағанын айтты.

«Мен кеше ғана полицияға бардым. Маған жартты сағатта бәрін тауып берді. Ұлымды табуыма көмектескені үшін полиция қызметкерлері мен дәрігерлерге алғыс білдіремін. Ең болмағанда, біз ұлыма Құран бағыштадық», – дейді марқұмның анасы.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық әйел ұлының жоғалып кеткенінен 7 жыл өткеннен кейін полицияға шағымданған. Ол «Жди меня» және «Бармысың, бауырым?» телебағдарламаларына  көмек сұрап барған екен. Алайда құқық қорғау органдарына сенбегендіктен, онда шағымданғысы келмепті.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған отбасы тағы да далада қалды

4 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Дәурен Абаев Астананың 20 жылдығы несиелік ақшаға тойланатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

“Бие – түйенің әйелі” деп жауап берген қазақ жігіті ел алдында масқара болды (видео)

Талқылау