Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар баланың үш тілегі көпшіліктің жүрегін елжіретті

Жеті жасар баланың арманы көпшіліктің жүрегін елжіретіп, терең ойға батырды. Бірінші сыныптың оқушысы енді ғана қолына қалам алып, жазуды үйренген сәтінен бастап-ақ өз арманын қағазға түсірген. Сондай-ақ балақай ешқандай да аяз атаға немесе ата-анасына емес, хатты жаратушыға арнапты,-деп жазды Stan.kz.

тілек

Баланың жазған хатына қарап салмақты ойлауға жеткенін түсінуге болады. Ол өз қатарластары сияқты ойыншық немесе тәтті, әдемі киім сұрамайды. Ол жаратушыдан отбасындағы тыныштықты тілеген.

Баланың жалғыз арманы ата-анасының көз алдында тату-тәтті отырғаны.

«Е, Аллам менің арманымды орындаңызшы. Біріншісі, әкем мен анам ешқашан ұрыспасыншы. Әкем ешқашан балағат сөздер айтпаса екен. Отбасымда ешкім ауырмаса екен. Ақырзаман болмаса екен. Сіз шынында ұлықсыз және ешкім сізге тең емес. Бір Алладан басқа құдай жоқ. Бүкіл мадақ сізге»,-деп жазған 7 жасар баланың хатында.
Желіде тараған осы хатты оқығандар балаларының арманы жайлы ойларымен бөліскен. Жұрт ата-анасы ажырасқан баланың ешқашан да көңілі тоқ болмайтынын айтып, бір-бірімен кеңесе түскен.

«Расымен де ересектер кейде жан қалауымен «бөлек тұрайық», «өзгені сүйіп қалдым,соған кетем» деп жатады. Баланың қолына қанша байлықты ұстатып қойғанымызбен олардың кішкентай жүрегі қан жылап тұрады. Өз болашағымызды, ұрпағымызды ашуға алдырып жылатпайықшы»,-деп жазған желі қолданушылардың бірі.

«Бұл баланың ата-анасы көзінше ерсі әрекеттерге барып, оны қинап қойған сияқты. Терең ойлы бала екен. Бақытты болсын. Баланың бәрі бақытты болуға лайық. Бала отбасында бақытты болса, өз өмірінде көптеген жетістіктерге жетеді.

Ата-аналар балаларыңызды өз ара тату болып бақытты қылыңыздаршы. Ұрысып қалсаңыздар да оны балалардың көзінен тыс шешуге болады. Психолог ретінде айтарым, балада бақытты балалық болу керек. Сол кезде өзіне сенімді, еркін, қалағанына қол жеткізе алатын батыл болып өседі»,-деп жазған тағы бір келіншек.

Оқи отырыңыз:

Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

Ерлі-зайыпты 88 мүгедек баланы асырап алған

Зымыранның құлауынан зардап шеккен науқас туралы дәрігерлер айтып берді

Алматы-Қапшағай жолында қызмет етіп тұрған полицей қаза болды

Талқылау