Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар бала YouTube арнасында 22 млн доллар ақша тапты

7 жасар Райан YouTube арнасына жүктеген видеосы арқылы қомақты қаржыға кенелді.

Forbes мәліметінше, бүлдіршін 2018 жыл бойынша блогерлер арасында көш бастап тұр. Ryan Toys Review арнасына 17,3 млн адам тіркелген. Ата-анасы баланы түрлі ойыншықтарымен видеоға түсіреді. Роликте бала сыйлықтарды ақтарып, ойнап отыр.

Екінші орында америкалық актер Джейк Пол тұр. Ол бейнебаян мен пранк жариялайды. Бір жылда $21,5 млн жинаған. Үшінші орында Dude Perfect арнасы тұр. Роликте бес адам спортты трюкте жасайды. Арнаға 36,8 млн адам жазылған. Жылына $20 млн. жинады. 

Төртінші орында британдық блогер Дэн Миддлтон тұр. Табысы$18,5 млн. Бестікті америкалық әнші, визажист Джеффри Стар аяқтайды. Ол киім мен косметика арқылы ақша табады. Ал, жазылушысы ең көп швед Феликс Кьелльберг оныншы орында. Оның табысы 450 мың доллар. Оған 72,5 млн адам жазылған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау