Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 сарбаздың өмірін жалмаған қар көшкініне қатысты жаңа дерек пайда болды

7 сарбаздың өмірін жалмаған Көксай шатқалындағы осы апатқа қатысты құрылған комиссия алғашқа болжамдарын да айтты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

98d6d561-7062-4db1-88f7-e6707b4a1906

Фото: radiotochka.kz

Қайғылы жағдайға ауа-райы кінәлі дейді Қорғаныс министрі. Яғни, “Қазгидромет” пен Төтенше жағдайлар комитеті қар көшкіні жүруі мүмкін деп ескертпепті. Бірақ бұл жауапкершіліктен бәрі құтылды деген сөз емес. Сәкен Жасұзақов, марқұм сарбаздар қызмет еткен полк командирі мен штаб бастығының жұмыстан шеттетті.

“Қар көшкінінің қаупі туралы Төтенше жағдай комитеті мен “Қазгидромет” хабарлаған жоқ. Тек, жауын-шашын болатынын ескертті.Бұл істің анық-қанығы тергеу кезінде әлі анықталады деп ойлаймын”, – деді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Қорғаныс министрінің бұл сөзінен Төтенше жағдайлар комитеті үндемей қалмады. Айтуларынша, Көксай шатқалының маңында елді мекендер болмаған соң, қар көшкінінің қауіпі туралы ескертпеген.

Ал, марқұмдарға қайғырып көңіл айтқан премьер-министр істі қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Бақытжан Сағынтаев марқұмдардың туысына көмек дер кезінде көрсетілуі тиіс деді.

“Сәкен Әділханұлы, Үкіметтік комиссияның барысы туралы жүйелі түрде баяндап отырыңыз. Ақпарат құралдарына мағлұмат беріп отырыңыз. Айдың күннің аманында 7 бірдей арысымыздан айырылып қалдық. Өкінішті. Қайғылы жағдай. Сол себепті қажетті көмектің бәрі қайтыс болғандардың отбасыларына және жарақат алғандардың бәріне көрсетілетін болсын”, – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Қорғаныс министрінің айтуынша, №91-678 әскери бөлімінің құрылғанына 14 жылдан асыпты. Осы уақыт бойы қорықшылық полк Көксай шатқалында қысы жазы жаттығу өткізіп келген екен. Тек, осы жолы кенеттен табиғи апат болып, сарбаздар қар көшкінінің астында қалып отыр. Ал, Жамбыл облысындағы ауқымды тексеріс әлі жалғасуда.

Осы апат негізінде әзірге нақты айып ешкімге тағылған жоқ. Бірақ, арнайы тергеу тобы куәгерлерден жауап алуды бастап кетті.

Еске сала кетсек, 17 ақпан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан 35-40 шақырым қашықтықтағы “Көксай” сайында қар көшкіні жүргені айтылған. Ол жерде 91678 әскери бөлімінің сарбаздары жаттығу жиынында жүрген, 7 сарбаз қаза болған еді.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында қар көшкінінен тірі қалған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жарақат алған полицейдің әйелі: “КамАЗ” жүргізушісі ауруханаға кешірім сұрап келді

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау