Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 мың теңге үшін: Екі ер адам зейнеткерді ұрып, телефонын тартып алған

Алматы қаласы Алмалы ауданының полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған екі қылмыскерді құрықтады.

Бұл туралы Stan.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыс таңғы сағат 6:30 шамасында жасалған. Екі ер адам ашық түрде зейнеткерге шабуыл жасап, оның қалта телефонын тартып алған. Шабуыл нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зақым келген.

“Күдіктілерді бірден қолға түсірдік. Алайда олардың қала ішінде тұрғылықты үйлері жоқ екен. Осының салдарынан нақты қай жерде тұрақтағандарын бірден анықтай алмадық. Шұғыл іздестіру жұмыстарының арқасында 1997 жылғы Д. есімді және 1998 жылғы Е. есімді азаматтар ұсталды”, – дейді Алмалы ауданы ІІБ бастығы Данияр Меңдебаев.

Олар зейнеткердің өздеріне жауап қайыра алмайтынын білгендіктен әдейі күш көрсеткендерін мойындаған. “Қылмыскерлердің біреуі зейнеткердің соңынан жүгіріп келіп, белінен ұстап жерге лақтырған. Осының салдарынан зейнеткердің екі тізесі қатты жарақаттанған. Ары қарай қылмыскерлер оның телефонын тартып алып, ертесі 7 мың теңгеге сатып жіберген”, – дейді полицияда.

Зейнеткер ауруханада бір апта комада жатқан. Қазіргі таңда аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. “Күдіктілер өздерінің кінәсін толықтай мойындады. Олардың бірі бұрын ұрлық үшін сотталған екен”, – дейді Мендебаев.


Жіберіп алмаңыз:

67 жастағы Тараз тұрғыны ғашығына деген сезімін тікелей эфирде білдірді

Алматылық дәрігерлер сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Ақтөбелік ата-ана: Қыздарымның басы биттеп кеткен соң орамал тақтық, қажет болса бүгін-ақ шешіп тастаймыз

Талқылау