Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 айлық баласын бөтен үйге тастап кеткен ана Алматы облысында қолға түсті

Іргелі ауылының тұрғыны пәтер жалдап тұрған үйге емізулі баласын тастап кеткен қызды іздеу туралы өтінішпен хабарласқан болатын. Жас ана Іле ауданында қолға түсті.

8957761

Бұл туралы Алматы Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Полицейлер 7 айлық баласын өзі жалданып тұрып жатқан бөтен біреудің үйіне қараусыз тастап кеткен жас ананы ұстады.

Аталған іс Қарасай ауданында тіркелген болатын. Іргелі ауылының тұрғыны пәтер жалдап тұрған үйге емізулі баласын тастап кеткен қызды іздеу туралы өтінішпен хабарласқан.

Сәбидің жылаған даусын естіген көршілері оны үй иесіне хабарлаған. Олар пәтердің ішкі есігін бұзып кіріп, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Жедел іздестіру шара барысында жергілікті полицейлер Іле ауданынан 22 жастағы көкек ананы тапты. 2015 жылдың мамыр айында туылған сәби әзірге балалар үйінде.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 50-100 аралығында АЕК айыппұл салынуы немее бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Талқылау