Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7-арнада жаңа жоба: Барша қазақстандық отбасылар бірдей бақытты

Барша қазақстандық отбасылар бірдей бақытты… Бірақ қиындықтарды әркім әрқилы шешеді. Көрген кезде біраз жұрт өздерін танитын қарапайым қазақстандық отбасылардың бірі туралы хикаяны «Әкесінің баласы» атты комедия әңгімелеп береді. Ситкомның тұсаукесері 11 қыркүйек күні «Жетінші арнада» болады.

7-арнада жаңа жоба: Барша қазақстандық отбасылар бірдей бақытты

Біз үшін отбасы деген не? Ол аз дегенде – әке, ана, бала. Әкесі жұмыс істейді, анасы үйге қарайды, ал баласы сол екеуінің өмірінің мәні. Отбасының осындай классикалық моделі қазақстандықтар үшін қалыпты жәйт және ол өте сирек өзгереді. Өзге жұрттан айырмашылығы жоқ Қалиевтер отбасы да отағасы жұмыстан шығып қалғанға дейін дәл осындай сара жолдан шықпаған еді. Туған жерінен Астанаға көшіп келген Талғат компанияға жұмысқа тұрып, өзіне пәтер алмақшы болған еді, бірақ тағдырдың жазуы басқа болды. Бала-шағасымен бірге бөтен қалада, жалдамалы пәтерде, жұмыссыз қалған Талғат мойымады. Жұбайымен, ұлымен бірге ол сериал барысында кез келген қиындықтардан қалай шығу керектігін көрсететін болады.

Бұл отбасының бары да, нары да бес жасар ұлдары Расул. «Әкесінің баласы» сериалының бас кейіпкері де сол бала. Күлкілі, қисынсыз жәйттердің бәрі сол балақайдың айналасында өрбиді. Расул – білуге құмартып тұратын, елгезек, қайсар мінезді бала. Үнемі қандай да бір хикаяға кез болып жүреді. Ол да өзге балалар секілді жан-жағын танып, ненің қайдан шыққанын білгісі келеді және көп армандайды. Расулдың бір ерекшелігі сол, баланың санасы жасынан озып кеткен. Тіпті Инстаграммда өзінің жеке парақшасы бар. Оны ойнаған жас актердің қабілетін мейлінше ашып, жағдайды шындыққа жақындату үшін жобаны жасаушылар бас кейіпкерге рөлді сомдаған бала Расул Бауыржанның атын берді.

Расулдың ата-анасы – өзгелер сияқты күйкі тірліктің қамымен жүрген қарапайым жандар. Жұмыссыз қалған Талғат үйде отырып, Расулға қарауға мәжбүр. Әрине, жұмыс тауып, пәтер алып, отбасымның тұрмысын жақсартсам деген ойдан бір сәтке де арылған емес. Әзілкеш, өмірге жеңіл қарайтын мінезінің арқасында Талгат мойымайды және жақсы азамат қылып тәрбиелеп шығару үшін бар уақытын баласына арнайды.

Талғаттың жұбайы Әлия банкте жұмыс істейді. Жұмысы жауапты, уақыты тығыз болғанына қарамастан шағын болса да жанына жылу беретін отбасының тазалығын ұстап, берекесін келтіріп отырған ізгі жан.

«ӘКЕСІНІҢ БАЛАСЫ» ситкомы еліміздегі қарапайым отбасылардың тұрмыс-тіршілігін көрсетіп, ата-ананың бала тәрбиесіндегі алаңын, олардың үрейі мен үмітін, қуанышы мен жеңісін әңгімелейді. Кім болса да өз баласына бақыт-береке тілеп, соның жолында тырбанып тіршілік етеді. Мінсіз ата-ана осындай болады деп айдар тағатын дара әдіс немесе арнайы нұсқаулық жоқ. Бұл жоба көрермендерге қолдау көрсетіп, кейбіреулердің басындағы мәселенің, бала тәрбиесіне қатысты қызық-шыжықтың өзге жұртта да бар екенін ашып көрсетеді. «ӘКЕСІНІҢ БАЛАСЫ» күнделікті күйкі тірлікке әзіл-оспақ арқылы жаңа тұрғыдан қарауға көмектесіп, бәлкім, дұрыс шешімін табуға септігін тиігізіп қалар.

Жоба өзінің шынайылығымен һәм бас кейіпкердің балаға тән пәктігімен баурап алады және көрермендерге бейне бір балалық шаққа қайта оралғандай күй кешіріп, күн көріс қамын бір сәтке болса да ұмыттырады.
Өзгермес құндылықтарды қозғайтын отбасылық жылуы бар жобалар «Жетінші арна» үшін қашан да қымбат. Телевизиялық жаңа маусымда «Жетінші арна» ізгі дәстүрден озбай эфирдегі отбасылық озық құндылықтарды сақтап қалды. Телеарна жаңа жұлдыздарды жарқыратып, өз жобалары туралы, отбасы, махаббат пен ынтымақ туралы айтудан танбайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау