Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

65 жастағы саяхатшы әуеде Жер шарын 11 күн бойы ұйықтамай, ас-су ішпей айналған

Саяхатшы Федор Конюков әуе шарымен Жерді айналып, Мәскеуге қайта оралды. Ол уақытын 11 күннен астам ас-су ішпей, ұйықтамай өткізген.

12467666

Сурет: РИА Новости

Конюхов 15 мың куб метр газды шарды басқарудың оңай еместігін айтады. Соншалық қауіпті, әрі қиын болғанына қарамастан ол осындай сапарды жақсы көреді.

«11 күн және 6 сағат ұйқы көрмей, су ішпей, тамақтанбай уақыт өткіздім. Тек печенье жедім. Өзіммен бірге екі жәшік тамақ алғанмын. Бірақ олар аязда үсіп қалғандықтан, мұхитқа төгуге тура келді. Су мүлде болмады. Өзіммен бірге Вика Цыганова мен Высоцкийді тыңдайын деп плеер де алғанмын. Бірақ, оның бәрі қатып қалды», – дейді Конюхов.

«Ұшып бара жатқанда құдайға жалбарындым. Өзіме құламау керектігімді айттым. Мұндай салмақты газбен құлауға болмайтынын білдім», – дейді саяхатшы.

Оның айтуынша, әуе шарында градус минус 50-ді көрсеткенімен, күн жағына қарағанда ыстық бетін күйдірердей болған екен.

Конюков Австралия, Тынық мұхиты, Оңтүстік Америка, Атлант мұхиты, мен Үнді мұхитын басып өткен.

Алдағы 20 жылда ешкім оның ерлігін қайталай алмайды. Ол бірден 4 рекорд орнатқан. Саяхатшы 11 мың 200 метр биіктікке көтерілген. Мұндай биіктікке әлі ешкім шығып көрмеген. Жүріп өткен 35 шақырымды да бұрын соңды болмаған көрсеткіш.

Тек екі саяхатшының сапары осыған ұқсас болған. Швейцариялық Бертран мен ағылшындық Брайан Джонс 1999 жылы 40 мың шақырымды 19 күн 22 сағат жүрсе, американдық Стив Фоссетт 2002 жылы 13 күн 8 сағат жүрген.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар әуеде ұшудың тағы бір қауіптілігін айтты

Қазақстандық жас саяхатшы әлемді аралап жүр (фото)

Байқоңырдан ұшқан ғарышкерлер космосқа уылдырық ала кетті

Талқылау