Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

65 жастағы қазақстандық әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңіп «алтынға» ие болды

Қостанай облысы  Рудный қаласының тұрғыны 65 жастағы Анатолий Веклич самбо бойынша әлем чемпионатында «алтынға» ие болды.

20161025172439

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Жарыстар 20-23 қазан аралығында Пореч қаласында өтті. Жас ерекшеліктері бойынша 45 медаль комплекті сарапқа салынды. 60 жастан асқан және 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  Анатолий Веклич финалда ресейлік, әлемнің төрт дүркін чемпионынан басым түсті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3-орынға ие болды. Бірінші орында  – Ресей, екінші – Украина. Қазақстан құрамасы 4 алтынды олжалады. Солардың  бірі Рудный спортшысы, еркін күрес бойынша КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анатолий Векличке тиесілі.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхамедиұлы: Жаныбеков арадағы «джентельмендік келісімді» орындай алмады

“Астана аруы-2016” атағына үміткер қыздар (фото)

СҚО облысы әкімінің сұрауы премьер-министрдің күлкісін келтірді

Бердібек Сапарбаев 12 жастағы шабандозға көлік сыйлады

Талқылау