Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

65 жастағы британдық әйел лайнерді қуып жетпек болып, 3 сағат бойы суда жүзген

65 жастағы ұлыбританиялық турист Сьюзан Браун порттан аттанып кеткен круиздік лайнерге жүзіп жетпекші болған. Оның мұндай қадамға баруына 30 күндік саяхат кезінде күйеуімен ұрысып қалғаны себеп болыпты. Зейнеткер күйеуімен татуласу үшін үш сағат бойы суда жүзген.

celebrity_solstice08

Сурет: www.etoday.ru 

Оқиға Португалияда болған. 65 жастағы турист әйел ауруханаға жеткізілді. Ол жүзіп кеткен Marco Polo кемесінде жұбайы Майкл бар деп ойлағандықтан суға секіргенін түсіндірді. Олар саяхаттың 28-ші күнінде Ұлыбританияға яғни үйлеріне қайтуға шешім қабылдайды.  Сьюзан Браун әуежайда тұрған кезде бірден күйеуін таппай қалады. Ойына ері порттан аттанған  лайнер арқылы басқа бағытқа кетіп қалды деген ой түседі. Сөйтіп оны жүзіп жетпекші болған.

Суда үш сағаттан астам уақыт болған британдық әйелге суық тиген. Оны жергілікті балықшылар құтқарып алды. Қазіргі кезде онымен психиатрлар жұмыс істеуде.  зейнеткер әйелдің жүзіп шаршағаны соншалы тіпті жағаға оралуға шамасы болмаған. Жақын маңда жүрген балықшылар оның даусын есітіп қалып, көмек көрсеткен. Ол кезде зейнеткердің түрі сұрланып, әбден әлсіреп қалған екен. Балықшылар құтқарып қалмағанда, оқиға қайғылы аяқталу әбден мүмкін еді.

Осы уақыт ішінде оның күйеуі жоспарлаған рейспен үйіне жетіп алған. Болған жайт бойынша қандай да бір ақпарат беруге мүлде қарсы болыпты.

Талқылау