Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

65 миллион еуроға үй сатқан брокер өзіне «ведомствадан қоңырау шалынғанын» айтты

Бельгиялық риелтор  өзі сатқан қымбат пәтер бойынша Қазақстаннан түскен қоңыраулар жайлы айта отырып, мүның  кәсібилікке жатпайтынын айтып өтті.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы жазды. Игнас Мювиссеннің сөзінше оған қоңырау шалғандар алдын ала хат жіберіп, өтініш те жасамаған. Сондықтан олардың әңгімесе ұзаққа созылмапты.

«Осы мәселеге байланысты бізге қоңырау шалғандар көп болды. Бірақ Қазақстан ведомства өкілінің қоңырауына таң қалдым. Олар маған хабарласуға құқықтары жоқ еді, себебі алдын ала хат жолдамаған. Олардың номерімді қайдан алғанын да білмеймін. Бұлай жасалады деп ойламаппын. Олар үйді сатып алған адамның тегін сұрады. Мен өзім жұмыс істейтін компанияның ішкі заңына бағына отырып, клиенттер жайлы ақпарат бере алмаймын»,-деді Игнас Мювиссен.

Бұған дейін Мювиссен  қазақстандық олигархтың Франция астанасы Парижден 65 миллион еуроға үй алғанын растап, ақпарат берген еді.

Оқи отырыңыз:

Модель денесіне киімнің суретін салып жалаңаш күйінде дүкенге барды

WhatsApp-та өшірілген хаттарды қайта оқу қызметі қосылды

Мас күйінде нәрестесін емізген әйелдің баласы шетінеп кетті

 

 

 

Талқылау