Литвада ең әдемі ешкіні таңдау жарысы ұйымдастырылды

Дүйсенбі, 27 Маусым , 2016 18:51

Литваның Паневежский уезі Рамигала қаласында жыл сайын өтетін ешкілер арасындағы сұлулық байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде Демит есімді 16 айлық ешкі ең көрікті деп танылды.

еер

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаланың дәстүрлі символы болып табылатын ең көрікті ешкі байқауына 500 адам жиылды.

Мереке бағдарламасында гүлдермен және өзге де түрлі әшекеймен безендірілген ешкілердің шеруі, оркестрдің өнер көрсетуі, би нөмірлері қарастырылған.

Жылдың ең көрікті ешкісі атанған жануардың иесі 74 жастағы зейнеткер, мамандығы бойынша ветеринарлық дәрігер Фердинандас Петкевичюс 6 рет байқауға қатысып, бірінші мәрте жеңіске жетті.

Рамигала қаласы үшін ешкілер үлкен маңызға ие. Бұл жануарлар XIII ғасырдағы қолжазбаларда жазылған ескі қалашықтың символы. 2010 жылы қала Литваның мәдени астанасы атанғанда, оның тұрғындары алғаш рет осы байқауды ұйымдастырған.

Сол кезден бастап ол жыл сайын өткізіледі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар