Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туристер жолбарыс пен қабыланның шайқасына куә болды (видео)

Үндістандағы “Сариска” ұлттық саябағында туристердің көзінше жолбарыс пен қабылан арасындағы сұмдық шайқас орын алған. Жолбарыстың жеңіске жеткен сәті видеоға да түсіп қалыпты.

кеке

Сурет nat-geo.ru

“Сариска” саябағы Раджастхан штатындағы Алвар округінде орналасқан. Жолбарыстар қорығы ретінде есептелетін бұл аймақ 1979 жылы құрылған. Мұнда барыстан бөлек қабылан, бенгаль мысығы, жолақ түсті қорқау, шибөрі, бөкен секілді сүтқоректерілер де өмір сүреді. Орталықтың қорық деген статусы бар екеніне қарамастан, браконьерлер кесірінен мұндағы барыстар саны күрт азайып кеткен.

XX ғасырдың басында онда 15-тей жолбарыс болса, мамандар 2005 жылы олардың ешбірін де таппай қалған. Сол себепті басқа аймақтардан барыс әкелініп, қолдан көбейтілген. Сондықтан 2014 жылы бұл жерде 13 ересек барыс пайда болған.

Ал жуырда ғана туристер жолбарыстың қатысуымен болған шайқасқа куә болған. Ол талға жасырынған қабыланның ізіне түскен. Оған шабуыл жасап, қабыланды тамақ ету үшін орманға алып кеткен.

Талқылау