Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

62 жыл отасқан жұп қарттар үйіне бірге орналастырмағандықтан бірін-бірі қимай қоштасты (фото)

62 жылдан бері жұбы жазылмаған ерлі-зайыптыларды бір қарттар үйіне орналастырмайтын болғандықтан, олар ендігі өмірін бөлек өткізуге мәжбүр.

1363

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

83 жастағы Вольф Готтшальк пен 81 жастағы әйелі Анита Германияның Дюссельдорф қаласында көрші тұрған. Олар бір-бірін ұнатып, 1954 жылы шаңырақ көтерген. Олардың бір ұл, екі қызы бар. Балалары өз алдына үй болып, бақытты ғұмыр кешуде.

2229

Сонша ғұмырын бірге өткізген қарттар 8 айдан бері бөлек тұрып жатыр. Өйткені қарртар үйінде ерлі-зайыптыларға арналған орын жоқ.

997

Олардың бір-бірімен қимай қоштасып жатқан сәтін шөбересі суретке түсіріп жариялаған.

1081

Анита әжей қаңтар айына дейін күйеуінің күтіміне өзі қарап келген. Алайда, дәрігерлер бұдан былай оның кәсибі мамандардың қарауында болуы керек екенін айтқан.

3168

Шөбересі ата-әжесінің күн сайын кездесіп тұратынын, кездескен сайын көңілі босап көз жасына ерік беретінін айтады.

4138

Балалары осы суреттерді ғаламторға жариялаған соң Қарттар үйінің басшылығы хабарласып, бұл мәселені қолға алатындарын айтқан. Алайда, оның қашан шешілетіні белгісіз.

6129

7116

8112

Талқылау