Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

62 жастағы британдық әйел онлайн ойыны үшін 37 мың доллар ұрлап алған

62 жастағы Барбара Дернли ғаламтордың ойын-сауықтарына “тәуелді” болып қалған. Соның салдарынан есепші әйел қылмыстық әрекетке барған. Ол жұмыс орнынан 25 мың фунт стерллингті қолды қылған.

323820323820

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

Ғаламтордың барлық жаңа онлайндық ойын түрлеріне кіру үшін оған ақша салу керек болған. Есепші әйел қажетті ақшаны өзі жұмыс істейтін Виктория университетінің философия және әдебиет тарихы мұрағатынан ұрлаған.

Ай сайын әр түрлі сомада ақша ұрлап жүрген ол барлығы 25 мың фунт стерлинг алған. Ақшаның жоғалғаны тек есеп жүргізілгеннен кейін ғана белгілі болған. Есепшіні 27 айға түрмеге тоғытылды.

Бұған дейін, Британия астанасындағы компания қызметкері өзінің АИВ (ВИЧ) дертімен ауыратынын білген соң, жұмыс орнынан ақша ұрлағаны хабарланған болатын. Ол кеңседен 1 миллион рубль қымқырып, өзі армандаған Азия еліне жарты жылға жуық саяхат жасап кеткен. Алайда, ақшасы таусылып, еліне қайтқанда оны полицейлер ұстап алған. Күдікті кінәсін бірден мойындаған. Бірақ, әріптесі көрсеткен сомада ашқа ұрламағанын айтқан.

Талқылау