Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

62 жасар қостанайлық сот арқылы өзінің тірі екенін әрең дәлелдеген

62 жастағы қостанайлық Степан Михайлов тек сот арқылы ғана өзінің тірі екенін дәлелдей алған.

a94d753fed8059f0359e0e1075eb0e4b

Сурет qviper.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

2000 жылдардың басында Степан Михайлов Ресейге ақша табу үшін кетеді. Ол бірнеше жыл бойы әйелі мен балаларына тұрақты түрде ақша жіберіп тұрған. Алайда 2007 жылы жоғалып кетеді. Степанды ұзақ уақыт күткен туыстары, ақыры хабар болмаған соң оны өлдіге балаған.

Алайда тоғыз жыл өткен соң өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін сотқа келген Степанды көргенде таңданыстарын жасыра алмаған. Сөйтсе, Михайлов азаматтығын ауыстырып Осмкке көшпекші болған екен.

“Ұзақ уақыт жоғалып кету себебін Михайлов Ресейде жүріп ішімдікке әуес болуымен байланыстырды. Сол себепті ол отбасының алдында ұятқа қалғысы келмеген”, – дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сот Степанды тірі деп таныған. Ол енді қазақстандық құжатты қайта қалпына келтіруге ниетті. Алайда туыстарымен жақын қарым-қатынаста болуы әзірге жүзеге аспайтын секілді.

Талқылау