Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбайдың жеке бапкері бір жылға жұмысынан шеттетілді

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жеке бапкерін Қазақстандық бокс федерациясының бапкерлік кеңесінен 1 жылға шығарды, сондай-ақ Жұмабек Өмірзақовқа жарыстар мен жиындарды қоса алғанда, ҚБФ және AIBA аясында өтетін қандай да бір шараларға қатысуға тыйым салды.

ымым

Сурет yvision.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұдан басқа, бапкер әлем чемпионатының барлық жүлдергерлерінің жеке тәлімгерлері алатын сыйлықтан қағылды.

Бұл шешім 15 маусымда Астанада Қазақстан бокс федерациясы атқарушы комитеті бюросының отырысында қабылданды. Бұған оның қазақстандық жаңалықтар порталының біріне берген сұхбатындағы бапкерлік кеңес шешімін сынауы, “қысым көрсетті” деп шағымданғаны және Астанада өткен әлем чемпионтанындағы “сұмдық жағдайлар” болғанын мәлімдегені себеп болды.

“Бұл сұхбат жарияланғаннан кейін біз Өмірзақовқа тергеу жүргізу үшін оның айыптауына дәлел беруді не жоққа шығаруды ұсындық. Ешбір дәлел ұсынбады, осыдан-ақ оның мәлімдемесі бос әңгіме екенін байқауға болады. ҚБФ тіпті екі дүркін әлем чемпионының бапкері болмақ түгіл кім болса да, мұндай жағдайға бей-жай қарап отырмайды, өз беделін қорғайды”, – деді бокс бойынша мемлекеттік бапкер Болат Әбдірахманов.

Тағы да оқыңыз:

Назым Қызайбай: Жұлдызым жарқырайтын күн әлі алда

ҚБФ негізсіз сөйледі деген айыппен Қызайбайдың бапкеріне жаза қолданбақ

Алматы әкімі Назым Қызайбайға 1 миллион теңге мен автокөлік сыйлады

Талқылау