Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

37 жасында 7 баланың анасы атанған әйелге түсінде Елбасы аян берген (фото)

Небәрі 37 жасында 7 баланың анасы атанған Ләззат Жұмабекова, отбасының берекелі тірлігіне ұйытқы болып отыр. Баланың үлкені 10-шы сыныпты бітірсе, кішісі 3 жаста.

13334267_1755152798034374_1856126543_o

Алтын құрсақты ананың  отбасында  stan.kz сайтының  өңірдегі тілшісі қонақта болып қайтқан еді.

Ләззат Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Өмірлік серігі Берік Қарынбаевпен Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде білім алып жүрген сәтінде танысып, отбасын құрады. Үлкен ұлы Қуанышбек бүгінде Алматы қаласында Б. Момышұлы атындағы әскери мектептің 10-сыныбын аяқтауда. Екінші перзенті қызы Әйгерім, 9-сынып оқушысы. Сабағы жақсы оқитын пысық қыз қосымша каратэ үйірмесіне де қатысады. 6-сыныпта оқитын үшінші қызы Мөлдір бос уақытында өлең жазып шығармашылықпен айналысқанды ұнатады.

13383451_1755152951367692_1787795916_o (1)

“Осы қызым маған ұқсап өлең жазады, болашақта ақын боламын деді”, – дейді Ләззат.

Төртіншісі Қымбат асүйді маңайлап, тәттілерді пісіруге құмар. Келешекте аспаз мамандығын таңдап қалуы да әбден мүмкін. Ал бесіншісі Нұргүл биыл мектеп табалдырығын аттайды. Өзінен кейінгілерді балабақшаға апарып, қамқорлық танытатын да осы Нұргүл. Қазірдің өзінде барлық әріптерді танып, тіпті ағылшын тілін де үйреніп жүр.

4444

4 жастағы Серік отбасының көптен күткен ұлы. Әркез әкесінің қасынан шықпай, қолғабыс болып жүреді. Ал ең кенжелері Алуа жуырда үш жасқа толады. Алуаның өмірге келуі де қызық. Ләззат ана жетінші баланы жоспарламағанымен  түс көріп, құрсағына тағы да бала бітетінін сезген.

13340561_1755152654701055_1298668648_o

“Алтыншы баламды дүниеге әкелген соң отағасына қанағат, енді бала тумаймын денсаулығыма қараймын дегенмін. Менің емес Алланың айтқаны болады екен, әрине. Бір күні түс көрдім: балалармен бәріміз дастархан басында отыр екенбіз. Кенет Елбасы кіріп келіп мойныма Алтын алқа тағып, екі ауыз сөйлеп шығып кетті. Таңертең жұбайыма айттым, ол “жақсы ғой Елбасын көргенің” деді де қойды. Мен жақында Күміс алқа алдым сол шығар түске енгені деп ойладым. Алайда, тағы бір перзентті болам деп ойламаппын. Көп ұзамай аяғым ауыр екенін білгенімде әлгі түстің тегін еместігін есіме түсірдім”, – дейді көпбалалы ана.

13324165_1755149864701334_543692822_o

Осылайша Ләззат жетінші перзентін де аман-есен дүниеге әкеледі. Алуаны қазір үйде бірінші Алла, сосын Елбасы сыйлаған деп еркелетеді екен. Атасының ерке қызына айналған Алуа да жиі өлең айтып, өнерлі болуға талпынып жүр екен. Алайда Ләззат алтын құрсақты ана атанып, батырлық жасағанымен, мұны әкімдік тіпті де елемепті.

13383693_1755150104701310_1158281752_o

“Алтын алқа алам деп туған жоқпын, Құдайдың бергені. Көп балалы отбасының бір ерекшелігі бірін-бірі сүйреп, қамқор болып ержетеді. Батыр ана дегенімен, мемлекет тарапынан берілетін еш жәрдемақы жоқ. Өткен жолы “мемлекеттік мекеме  қызметкерсің, жұбайың шағын кәсіпкер, мемлекетке патент төлейді сондықтанда есігімізді ашпа”- деп аудандағы райсовездегі орган қызметкері шығарып салған”, – дейді ол.

4545

Ләззат анаға “Алтын алқасы” үшін ақша беріледі. Алайда мемлекет қаржылық тұрғыдан елемеді деп еш еңсесін түсірген емес. Әр баланың өз несібесі бар деп, тағдырына тәубе айтып, өмір сүріп келеді. Өмір жолында Беріктей отағасын кездестіріп, тату-тәтті тірлік жарастырғанына разы.

13351066_1755150768034577_2033760543_o

“Шүкір тағдырыма ризамын, бақыттымын. Мені шын сүйетін жұбайым бар, Алла берген балалар бар. Осылардың тек біздер рахатын көрсек деп жүрміз”, – дейді  Ләззат.

13334301_1755150478034606_205526257_o

Жұбайы автобөлшектер сатумен айналысып, шағын кәсіпкерлігін жандандырып жүр. Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы 8 жыл болғанына қарамастан, алдыңғы қатарлы отбасылардың көшін бастап келеді.

7777777

Ләззаттың өзі болса ұстаздық жолды таңдап, осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатыр.

13383640_1755151568034497_1671597657_o

Қазіргі таңда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Төменгі сыныптарға мәдени тәлім тәрбиемен қатар білім бере отырып, түрлі тақырыптарға іс-шаралар жоспарын құрып дайындайды. Аудандық, облыстық деңгейде алған бірнеше марапаты да бар.

8888888

“Ана атанып, ұрпақ тәрбиелеу менің міндетім болса да, мемлекет тарапынан “Алтын алқа” тағынып, құрметке бөленіп отырғаныма ризамын. Балаларымның әрқайсысы елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдімін, – дейді алтын құрсақты ана.

Талқылау