Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

61 жастағы Мел Гибсон тоғызыншы рет әке атанды

Американ-австралиялық актер әрі режиссер Мел Гибсон тоғызыншы рет балалы болды.

gibson

Бұл туралы People басылымы хабарлайды.

61 жастағы Гибсонның сүйіктісі 25 жастағы сценарист Розалинд Росс Лос-Анджелесте босанған. Сәбиге Ларс Джерард деген есім беріліпті. Актер Росспен екі жылдан бері кездесіп келеді. Бұл оның алғашқы баласы.

Жаңадан туған Ларстан бөлек, Гибсонның екі қызы және алты ұлы бар. Робин Мурмен некесінен Ханн (1980ж), егіздер Эдвард пен Кристиан (1982ж), Уильям (1985ж), Луи (1988ж), Майло (1990ж) және Томас (1999ж) бар. Ерлі-зайыптылар 2011 жылы ажырасып кетті.

Ажырасу кезінде актер ресейлік Оксана Григорьевамен кездескен. 2009 жылы олардың Люсия есімді сәбиі өмірге келді. Кейін Оксана актерді зорлық жасады деп айыптап, олар ажырасып кетті.

Мел Гибсон – “Оскар” және “Алтын глобус” сыйлықтарының иегері. Бірнеше танымал киноларға түскен.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жігіт АҚШ президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Францияда мұсылман оқушыларды шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде

40 сағат қар астында: Қонақ үйдегі көшкін астында қалған 6 адам табылды

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

Талқылау