Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жыл бұрын айырылысқан ғашықтар әлеуметтік желінің арқасында табысты

60 жыл бойы бір-бірінен хабары болмаған британдық Эрик пен Элейн әлеуметтік желінің арқасында табысты. Осыдан 60 жыл бұрын айырылысқан бұрынғы ғашықтар, бір-бірін Facebook желісі арқылы тауып отбасын құрды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

60 жыл бұрын айырылысқан ғашықтар әлеуметтік желінің арқасында табысты

Эрик 7 жаста болғанда әпкесінің ең жақын құрбысы Элейнге ғашық болған. Бірақ, бала Элейннен екі жас кіші болғандықтан, оған өз сезімін білдіре алмады. Алайда, ұлының ғашық екенін білген Эриктің анасы екеуінің де жас болғанына байланысты баласына ол қызбен араласуға тыйым салған.

Мектеп бітіргеннен кейін Эрик пен Элейн арасындағы байланыс үзіліп, олар шамамен 60 жыл бойы араласпады. Алайда, бұрынғы ғашықтар бір-бірін әлеуметтік желі арқылы тауып алған кезде бәрі өзгерді.

«Егер Facebook болмаса, біз ешқашан бір-бірімізді таппас едік», – дейді Эрик.

Осынша жыл өткеннен кейін қайта қауышқан ғашықтар уақыт жоғалтпай үйленуді жөн көрді. Олар үйлену тойларын өздері оқыған мектепте жасады. Бүгінде бұл ғимарат іс-шараларды өткізуге арналған қоғамдық орталыққа айналған көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау