Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жастағы Мел Гибсон тоғызыншы рет әке атанбақ

Голливуд жұлдызы, актер әрі режиссер Мел Гибсон тоғызыншы рет әке атанбақ. Оның сүйіктісі 25 жастағы Розалинд Росстың аяғы ауыр.

Гибсон

Бұл туралы People хабарлаған.

«Мел әке болғанды ұнатады. Олар  Розалинд екеуі ата-ана болуды асыға күтіп жүр», — дейді сенімді дереккөз. Оның айтуынша, Гибсон соңғы екі жылда өміріндегі ең бақытты сәттерді басынан кешірді. Розалинд 2017 жылдың басында босануы тиіс.

Айта кетейік, Гибсон екі жылдан бері кездесіп жүрген Росстың бұл алғашқы перзенті болмақ.

Ал 60 жастағы актердің сегіз баласы бар: екі қыз және алты ұл. Робин Мурмен некеде тұрған кезінде Ханна (1980 жылы), егіздер Эдвард пен Кристиан (1982 жылы), Уильям (1985 жылы), Луи (1988 жылы), Майло (1990 жылы) және Томас (1999 жылы) дүниеге келген. Жұбайлар 2011 жылы ажырасқан болатын.

Некені бұзу процессі жүріп жатқан кезде Гибсон ресейлік Оксана Григорьевамен көңіл қосқан еді. 2009 жылдың қазанында жұптың Люсия есімді қыздары дүниеге келген. Одан кейін Григорьева актерді тұрмыстық зорлық жасады деп айыптап, екеуі айырылысып кеткен болатын.

Мел Гибсон — американдық-австралиялық актер, режиссер, сценарийші және продюсер, «Оскар» жүлдесінің екі мәрте және «Золотой глобус» сыйлығының лауреаты. Австралия орденінің құрметті офицері атағына ие.

Жіберіп алмаңыз: 

Голливуд жұлдызын әуежайда фри-картобын ұрлап жатқан жерінен ұстап алды

Қазақстандық Mezzo тобы Украинадағы Х-Фактор жобасын бағындырды (видео)

Есентаева «Өгей жүрек» телехикаясының алдын-ала көрсетілімін өткізді (фото, видео)

Ғаділбектің жарыққа шығып үлгермеген «Ханзада» әнінің каверлері пайда болды (видео)

Талқылау