Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 60 жастағы киномеханик ауыл-ауылды аралап кино көрсетіп жүр

Солтүстік Қазақсанда ауыл киномеханигі ауыл-ауылды аралап балаларға мультфильм, ал үлкендерге ескі кеңестік киноларды қойып беріп жүр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вмвмвмвм

Ауылда клуб жабылып қалған кезде, Жәнібек Қапезов кинотаспаға қажетті барлық құрылғыларды сақтап қалған. Ақсақал барлық киноны жатқа біледі. Алайда өзге адамдарға шын жүректен көрсетуге құмар.

Ауылдық кітапханаға каникул екеніне қарамастан оқушылар мұғалімдерін ертіп мультфильм көруге келіп отырады. Әрине, бәрінің үйінде теледидар да, компьютер де бар, бірақ, мынадай қызықты олар әлі көрмеген.

Жәнібек кино көрсетумен 25 жылдан бері айналысып келеді. Ауылдық клуб жабылған кезде әртүрлі жұмыс істеген. Енді жасы 60-қа толған кезде баяғы кәсібін есіне алып, кіріскен екен. Қолына чемоданын алып ауылдарды автобуспен аралайды. Ақысы да қымбат емес: балалар билеті 100 теңге, үлкендерге 200 теңге. Бірақ, кейде жиі-жиі тегін де қойып береді.

“Көрсетілім, дыбыс, экран бәрі басқаша. Бірақ, нағыз ностальгияға күшті әсер береді”, – дейді қарттар үйіндегі Тамара Шакирянова.

3D технология туралы Жәнібек аға біледі. Ал кинотеатрдағы IMAX туралы әлі естімепті де. Оның кинолары үлкен экрандарда көрсетілмейді. Баяғы кинопроектор сәулесімен тамашалауға мүмкіндік бар. Мұндай аппараттардың үйінде алтауы бар екен.

ввв

“Радуга-7″ кинопроекторы 6 миллиметрлік, түрлі-түсті және ақ-қара фильмдерді көрсетуге арналған. Оны үй жағдайында пайдалануға болады”, – дейді Жәнібек Қапезов.

Оның қоржынында ескі мультиктер, ретро-хитқа айналған кинолар бар. Әрине кеңестік көрермендердің сүйіктісі ол үнді кинолары. Бірақ, пленкалары тым ескіріп кеткендіктен, оларды үнемі желімдеп отыруға тура келеді. Ал Жәнібек ағаның өзі жерлестерінің қарапайым өмірі туралы кино түсіруді армандайды. Ал ол үшін жаңа құрылғылар керек. Киномеханик осы мақсатта ақша жинауды бастап та кетіпті.

Талқылау