Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

60 мың теңге үшін: Алматы облысында қаскөйлер ер адамды пышақтап, байлап, балтамен ұрып өлтірген

Полицейлерден үміт үзген отбасы Елбасыдан көмек сұрайды. Алматы облысының Қаратал ауданында осыдан 1 жыл бұрын адам өлімі тіркелген болатын. Айуандықпен жасалған қылмыста барлық айғақтар бола тұра кінәлілер әлі күнге дейін табылмаған көрінеді. Марқұмның жақындары тергеуді осынша уақыт созып келе жатқан полицейлерге наразы.

60 мың теңге үшін: Алматы облысында қаскөйлер ер адамды пышақтап, байлап, балтамен ұрып өлтірген

Бұл туралы “Еуразия бірінші арнасы” хабарлайды.

40 жыл отасқан жарынан қапыда айрылған Яха Саидова қазір денсаулығы сыр беріп, дәрінің күшімен отырғанын айтады. 2017 жылдың қазан айында үйіне ұрылар кіріп, 65 жастағы отағасын өлтіріп кеткен. Қаскөйлер алдымен азаматты бірнеше жерден пышақтап, денесін байлап тастаған. Артынша, аузын скотчпен орап, балтамен ұрған.

Ұрылар түскен күні марқұм қосалқы үйде болған. Қорадағы малға көз қырын салу үшін отағасы үнемі сонда қонатын, дейді туыстары. Ал, үлкен үйде түнеген жұбайы мен ұлы көмекке жеткенше қарақышалар ізін суытып үлгерген.

«4 бетперде, 4 күрте, 2 пышақ пен балта, скотч, арқан, тіпті, олар киген аяқ киімге дейін табылды. Алайда, қылмыскерлер әлі де табылмай отыр», – дейді марқұмның жесірі Яха Саидова.

Ұрылардың марқұмның үйінен алғаны 60 мың теңге екен. Азғантай ақша үшін адамды айуандықпен өлтіргендер артына айғақ заттар қалдырған көрінеді. Алайда, оның бәрін материалға тіркеген тәртіп сақшылары тергеуді сағызша созып жатқанын еш түсіне алмай отырмыз, дейді марқұмның туғандары.

«Жұмыс жасап жатырмыз, күдіктілер бар дейді. Бірақ, қанша уақыт өтті ешқандай нәтиже көрген жоқпыз. Іс алға жылжып жатса бізге неге көрсетпейді?» – дейді марқұмның ұлы Гайырбек Саидов.

Бұл істі тергеп жатқан Талдықорған қаласының полицейлері мәселеге қатысты тілшілерге түсінік бере алмайтынын жеткізді. Айтуларынша, мұндай ауыр қылмыстарға қатысты мәлімет беру үшін облыс прокурорының рұқсаты керек екен. Ал, ондағылар тергеуге байланысты ешқандай ақпарат берілмейтінін айтады. Марқұмның ет жақындары қаскөйлер жауаптан құтылып кете ме деп қорқады. Сондықтан Президенттен көмек сұрайды. Қара жамылған отбасының жалғыз талабы – қылмыскерлер тездетіп табылып, тиісті жазасын алса екен, дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр