Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жыл продюсерімен тұрған Луина ешқашан тұрмыста болмағанын айтты

6 жылға жуық продюсерімен бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен Луина ақырында онымен айырылысып кетті. 30-ға жақындаған шағында әншінің қайта-қайта ақ көйлек киіп көріп, тойға дайындалғаны ел есінде. Алайда Луина сол күйі тұрмысқа шықпағанын айтады.

6 жыл продюсерімен тұрған Луина ешқашан тұрмыста болмағанын айтты

Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Жоқ, мен ешқашан ресми түрде тұрмыста болған емеспін. Иә, ұзақ уақыт қарым-қатынаста болдым. Азаматтық неке дейміз бе оны? Бірақ ресми түрде тұрмысқа шықпадым”, – дейді Луина.

Луина азаматтық некедегі күйеуінің анасымен, балаларымен бірге тұрғанын бір сұхбатында айтқан еді. Жомарт Сүлейменовпен айырылысқан соң, Луина өзіне демеу болар өзге жанды тапты. Бүгінде сонымен бақытты. Желі қолданушыларының бір тобы жаңа жұпқа бақыт тілесе, ендігілері әншіні “бұл жігітті де тастап кетерсің” деп сынайтын көрінеді. Алайда Луина теріс пікір жазушыларға еш ренжімейді.

“Адамдарға, ақымақтарға ренжімеймін. Мен көбінесе, елдің жылы сөзін, қолдауын қабылдаймын. Шын сөзім”, – деп ағынан жарылды Луина.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау