Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жасар Мұхаммед Қамшыбек Арыс қаласынан табылды

Баланы Арыс қаласында әйелмен бірге жүрген жерінен полиция қызметкерлері тауып алған. Мұхаммед дін аман. Бірден ата-анасына қайтарылған.

табылған бала

« Бала Арыс қаласынан табылды. Оның жанында фотороботы жасалған әйел болды. Бала дін аман. Оны ата-анасына алып бардық. Қазір әйелдің бұл әрекетке баруына ненің себеп болғаны анықталып жатыр.  Баланы өзімен ертіп жүрген әйел Арыс қаласының тұрғыны. 1956 жылы туылған»,-дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және  ақпараттандыру басқармасының бастығы  Сапабек Жарқынбеков.

Есте болса, 6 жасар  Мұхаммед Қамшыбек бірінші сыныпта оқып жүрген. 20-шы ақпан күні сабақтан шығып үйіне оралмаған. Сыныптастарының сөзінше баланы қарт әйел ертіп кеткен. Жергілікті таксиші баланы ұрлаған әйелмен бірге Темірлан ауылындағы ауруханаға жеткізіп салғанын айтқан. Кейіннен баланы ұрлаған әйелмен бірге Шымкенттегі базарлардың бірінде, әуежайда көрдік дегендер болған. Баланы мектептен ертіп кеткен әйелдің фотороботы таксишінің айтуымен жасалған.

Талқылау