Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық 6 жасар қызды зорлап, азаптап өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматы тұрғыны 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

87_main

«Түркісіб аудандық сотының шешімі бойынша қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізілгенге дейін күдікті екі айға қамауға алынды», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының ақпарат агенттігі Диас Махамбетов.

Алматы тұрғыны қорғансыз күйдегі адамды өлтіру, өзге қылмысты жасыру мақсатында кепілге алу, кәмілетке толмаған қызды зорлау сипатындағы әрекеттері үшін күдіктеліп жатыр.

Қайғылы оқиға 7 шілде күні Алматыда болған. Көшеде тұрған 6 жасар Дарья Регурецкойдың жанына аула тұрғыны келген. Ол бүлдіршінді алдап, пәтеріне алып барып зорлаған деген болжам бар. Содан кейін қызды қылқындырып өлтіріп, денесін үйдің жанына лақтырып жіберген.

Полицейлер келгенде ол үйіндегі диванының астына тығылып қалған екен. Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

«Бәрі менің еркімде болса, оның аямайтын едім», – дейді қыздың әкесі.

Бұған дейін педофилдің бүлдіршінді өлтіріп, өзі диванның астына жасырынып қалғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да полицей-педофилге қатысты сот үкімі шықты

Қырғызстанда педофилге күдікті имам ұсталды

Қырғызстанда педофилге күдікті имам ұсталды

Павлодарда 5 жасар қызды зорламақ болған педофил камераға түсіп қалды (видео)

Талқылау