Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жасар қазақстандық ментальды арифметикадан әлемдік сайыста топ жарды

Қостанайлық 6 жастағы Рамзан Байдәулетов Дубайда өткен ментальды арифметикадан халықаралық жарыста бас жүлдені жеңіп алды.

1-6-640x493

Бұл туралы “Алау” хабарлайды.

Баланың анасы Айгүл Аюпованың айтуынша, Рамзан өз категориясында бірінші болған. Ол сегіз минуттың ішінде 175 есепті шешкен.

“Ұлым өзіне берілген тапсырманың барлығын шешті. Біз ментальды арифметиканы үйрену академиясына былтыр ғана барғанбыз. Енді міне жемісін көрсетіп жатыр”, – дейді анасы.

2016-11-12-15.43-1

Қазіргі таңда бала мектеп алды сыныбына барып жүр. Ол Қостанайдағы жылдам оқу мектебін сәтті аяқтаған. Сондай-ақ, шахматпен кәсіби түрде айналысады. Рамзанда фотографиялық есте сақтау қабілеті жақсы дамыған.

Алты жасар чемпионға қазір Индонезиядағы сайысқа қатысу туралы ұсыныс түскен. Ол Балиге 2017 жылдың желтоқсан айында аттанбақ.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында оқушы үш баланы өрттен аман алып қалды

Алматыда өрттен қаза тапқан студенттер құлыпталған бөлме ішінде қалып кеткен

ШҚО-да жоғалып кеткен мектеп оқушысының мәйіті табылды

Астана тұрғыны із-түссіз жоғалған егіз ағасына іздеу жариялады

Талқылау