Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жасар баласын аяусыз ұрған әйелдің туыстар ол жайлы жаңа деректер айтты

Алты жасар баласын өлімші етіп сабап тастаған келіншек жалғыз басты ана болып шықты. Ол қос перзентінің әкелері кім екенін де білмейді,-деп жазды Еуразия Бірінші арнасы.

Сондықтан, екі баласын өзі асырай алмай, ауылдағы ағасы мен жеңгесінің қолына берген екен. Қазір, анасынан оңбай таяқ жеген бүлдіршін аудандық аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр. Тиісті ем-дом жасалуда. Алғашқы кезде арнайы аппаратпен тыныс алған кішкентай науқас енді аздап болса да есін жия бастапты.

Алты жасар Мұратжан қазір Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Денесінің сау тамтық жері  жоқ. Бас миына зақым келген. Дене сүйектері сынған. Өздігінен дем алуы қиын болғандықтан, дәрігерлер арнайы тыныс алу аппаратына қосыпты.  Осы күні аздап болса да оның беті бері қарған көрінеді. Есін жиып, айналаны көре бастаған.

«Арнайы тыныс алу аппаратынан бүгінгі таңда шығарылды. Бірақ, баланың жалпы жағдайы ауыр. Қаладан мамандар шақыртып, нейрохирургтармен көрілген.

Консервтивті ем алып жатыр. Операция қылатын пока жағдай жоқ», – дейді Сайрам аудандық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Эркин сарматов.

Бірақ, дәрігерлер балаға әлі ұзақ уақыт тұрақты ем қабылдау қажеттігін айтады. Ең бастысы, оның есін жиғаны болып тұр. Аурухана төсегінде қанша күн жататыны да белгісіз. Осы күні кішкентай науқасқа туыстары келіп жүр. Ал, анасы уақытша қамауға алынған.

Оқыс жағдай міне мына бір үйде болған. Бұл жерде Назираның ағасы мен жеңгесі тұратын көрінеді. Бірақ, сол кеште үйде тек Назираның өзі мен екі баласы ғана болған. Үйде ешкім жоқ екенін пайдаланған безбүйрек ана екі баласының бірін өлімше етіп сабап тастаған

Қазір, 36 жастағы келіншектің уақытша тұрған үйінде ешкім жоқ. Есік сыртынан жабық тұр. Ағасы мен жеңгесі жұмыс бабымен шығып кеткен көрінеді.

Ал, көрші тұрған туыстары болса, болған жағдайды естіп, жағаларын ұстап отыр. Айтуларынша, екі баланың анасы ертеректе әке-шешесінен айырылған екен. Кейінен, бауырларымен бірге шал мен кемпірдің қолында өскен көрінеді. Әбден еркелікпен жүрген бойжеткен өзінің екі баласын кімнен туып алғанын да ешкімге айтпапты. Осы уақытқа дейін тұрмысқа да шықпаған.

«Сол бәленің барлығы жетім қалғаннан шығар деп ойлаймын өзім. Тәрбие болмады ғой енді. Әйтпесе, барлығы өскен-өнген жандар», –  дейді күдіктінің туысы Әуес Бекбаев.

Алты жастағы Мұратжан биыл ғана мектеп табалдырғын аттапты. Ал, әпкесі 1-ші сыныпта оқиды екен. Қазір, ол туыстарының үйін жағалап жүр. Басқа барар жер, басар тауы қалмаған.

«Енді айқанда осылар осындай болғаннан кейін қанша жүрегің ауырады. Ол енді қанша келіп кетеді бірде көремін бірде көрмеймін. Біз енді аңдып отырмаймыз ғой оны туысқан болсақ та»,-дейді  күдіктінің туысы  Жұманғали Бекбаев.

Екі баланың анасы тұрақты жұмысы болмағандықтан, әр жерде жалданып еңбек еткен. Сол кезде балаларына ауылдағы ағасы мен жеңгесі қарайлаған. Өзінің жеке баспанасы болмаған. Сондықтан осы үйді жиі жағалап келетін көрінеді.

«Күдікті ана Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу амалдары қазір жүргізіліп жатыр», – дейді  Сайран ауданы әкімдігі аппаратының баспасөз хатшысы  Дәурен Облыс.

Осы күні Назираға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Безбүйрек ана қандай жауапқа тартылатыны әзірге белгісіз. Оны сот шешеді. Егер кінәсі толық дәлелденетін болса, ана құқығынан айырылуы бек мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Танымал порноактрисаның жігіті отбасы бақытының құпиясын айтты

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қостанай облысында 35 мемлекеттік қызметкер сауық кешіндегі видеолары үшін жауапқа тартылды

Экс-депутат Айгүл Соловьева: Жезөкшелікті заңдастыру керек

Талқылау