Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 құрбан: Австрияда егде әйел балалары мен немерелеріне оқ жаудырды

Австриядағы Бехаймкирхен елдімекеніндегі үйдің бірінен полиция алты адамның денесін тапты.

pic_3f1ed4cee7ff964eec9666a1a8a40151

Бұл туралы Kleine Zeitung хабарлайды.

Қайтыс болғандардың барлығы бір отбасының мүшелері: егде әйел, оның ұлы мен қызы, үш бала. Қаза тапқан балалар 7-10 жас аралығында. Алдын-ала деректер бойынша, көпбалалы ана барлық туыстарын атып өлтіріп, соңынан өзіне қол салған.

Әйелді қылмысқа не итермелегені әзірге белгісіз. Психиатр Райнхард Халлераның айтуынша, әйелдер мұндай қылмысқа өте сирек барады екен. Отбасы бұл жерде 20 жылдан астам уақыт бойы тұрып келе жатқан. Көршілері туыстардың арасында ешқандай дау-жанжал естімедік дейді.

Оқи отырыңыз:

Қырғыз азаматы әйелінің көзіне шөп салғанын жасыру үшін көңілдесін пышақтап өлтірді

Әуежайда жолаушы туфли тақасының ішіне 180 мың еуро жасырып өтпек болған

Әйелі тастап кеткен қырғыз жігіт сөмке тігіп, бүкіл әлемге саудалауда

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Талқылау