Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 адам қайтыс болған апатқа кінәлі азамат айыппұл төлеп, бостандықта жүр

Ақтөбе-Астрахань жолында 6 адам қайтыс болған апатқа кінәлі 19 жастағы Владимир Седлак айыппұл төлеп, бостандыққа шықты.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2014 жылдың 13 маусымында болған. «Сеат-Толедо» көлігін тізгіндеген студент Владимир Седлак қарсы бағытқа шығып, «Опель» көлігін қаққан еді. «Опель» көлігін 55 жастағы таксист жүргізген. Апаттан «Опель» көлігінің 2 жолаушысы мен «Сеата» көлігінің 4 жолаушысы көз жұмды.

5701b4fb044f0aa40b8f7e66a6bbd980

Сот Владимир Седлякты 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған. Алайда, жақында жол көлік оқиғасынан қайтыс болған 6 жасар қыздың әкесі кінәлі азаматтың еркіндікте жүргенін білген. 20 қаңтар күні соттың оның қалған уақытын айыппұл төлеуге ауыстырғаны белгілі болды.

«Седляк бостандыққа 2019 жылы шығуы керек болған. Мен өмірдегі ең қымбатымды – қызымды жоғалттым. Ал, үкімет оның өмірін 700 мыңға бағалапты», – дейді әкесі.

Дмитрий Матвеев

Талқылау