Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

58 жыл отасқан жұп қол ұстасып көз жұмды

Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында 58 жыл отасқан жұп бір күнде қол ұстасып көз жұмды.

386F931A00000578-3792849-image-a-15_1474032972554

Джордж Родригес пен оның жұбайы Ора Ли 5 шілде күні ауруханада 3 сағат айырмашылықпен көз жұмды. Екеуі де деменция ауруына шалдыққан. Қариялар ауруханада дәрігерлердің жіті қадағалауында болыпты. Өмірмен алғаш болып Джордж Родригес қоштасты. Ал арада үш сағат өткеннен кейін жұбайы да оның артынан кете барды, деп хабарлайды Huffington Post.

386F930800000578-3792849-image-a-16_1474032974607

“Екеуі қол ұстасып өмірден өтті. Мұндай оқиғаның шынайы өмірде болғанына сене алар емеспін. Мұндайды тек фильмдерден көруші едік, мәселен, “Дневник памяти” кинокартинасынан көргенмін», – дейді жұбайлардың қызы Корина Мартинес.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Жаңа Зеландияда осыған ұқсас жағдай орын алған еді. 67 жыл бірге өмір сүрген жұбайлар бірнеше сағат айырмашылықпен бір күнде мерт болған еді. 94 жастағы Хью Нис пен оның 92 жастағы жары Джоан ұйықтап жатқан кездерінде бақилық болған.

Жіберіп алмаңыз: 

62 жыл отасқан жұп қарттар үйіне бірге орналастырмағандықтан бірін-бірі қимай қоштасты (фото)

Қызылордада отасқандарына он жыл болған жұптың жетінші сәбиі дүниеге келді

Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген (фото)

350 пластикалық ота жасатқан Барби мен Кен бір үйде тұрады

Талқылау