Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

58 жолаушысы бар Egyptair ұшағы радардан жоғалып кетті

Egyptair әуе компаниясының ұшағы Airbus A320 Жерорта теңізінің үстінен ұшып бара жатып, радардан жоғалып кеткен. Жолаушылар ұшағы Парижден Каирге бағыт алған.

EgyptAir-plane

Сурет punchng.com

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Әуе кемесінің ішінде 58 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі бар екен. MS804 рейсін жүзеге асырған ұшақ Шарль-де-Голь әуежайынан Париж уақытымен кешке ұшып шыққан. Деректер бойынша ұшақ Грекияның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кеткен. Осы жағдайға қатысты Egyptair жедел штаб құрып, жоғалған ұшақ туралы анықтауға кірісіп кетті.

Жоғалған ұшақты іздеуге Египет пен Грекияның күштері жұмылдырылуда.  Ұшақпен байланыс Каир уақытымен 2.45-те үзіліп қалған. Әуе лайнері ол кезде Египет аумағынан 80 милль қашықтықта болған.

Оқиғаға байланысты Египеттің азаматтық авиация министрі Шериф Фатхи Сауд Арабиясының Джидда қаласына жасайтын сапарын кейінге қалдырды.

Талқылау