Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

57 жастағы Эдди Мерфи оныншы рет әке атанды

Америкалық танымал актер Эдди Мерфи 57 жасында оныншы мәрте әке атанды.

57 жастағы Эдди Мерфи оныншы мәрте әке атанды

57 жастағы актер мен 39 жастағы аустралиялық модель Пейдж Бутчер ұлды болды. Олар сәбидің есімін Макс Чарльз деп қойған. Актердің отбасы бұл есімді кездейсоқ таңдамаған. Ол сәбиіне 2017 жылы аққан ауруының салдарынан қайтыс болған ағасы Мерфи Чарлидің есімін беріп, осылайша құрмет көрсеткісі келіпті, деп хабарлайды USA Today басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Мерфи алғаш рет 1989 жылы атанған еді. Сол кезде оның бұрынғы жұбайы Макнили Эрик есімді ұл баланы дүниеге әкелді. 1990 жылы актердің бұрынғы сүйіктісі Тамара Худ Кристиан есімді ұл сыйлады. Олардан бөлек, Мерфидің бұрынғы әйелі Николь Митчеллден 5 баласы және Spice Girls тобының қатысушысы Мелани Брауннан 11 жасар бір қызы бар.

Мерфи мен Бутчердің қарым-қатынасы 2012 жылы басталған. Бұған дейін олардың Иззи есімді бір қызын тәрбиелеп отырған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау