Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

55 жастағы британдық әжей үшемді дүниеге әкелді

 Британдық Шэрон Каттс елдегі ең жасы үлкен үшемді дүниеге әкелген ана атанды. 55 жастағы әйелдің жаңадан туылған үшемнен бөлек ересек  төрт баласы бар. Ол төртеуін әйел бұған дейінгі  некесінен туған.

үшем1

55 жастағы әйел егіздерді дүниеге әкелгеннен кейін елдегі жасы үлкендігіне қарамай дүниеге бала әкелген ең кәрі  әйел атанған. Үшем анасының құрсағына жасанды жолмен орналастырылған. Дәрігерлердің мұндай көмегін әйел Кипрде алған, себебі өз елінде жасына байланысты оған бала босануға рұқсат етілмейді екен. Жасанды жолмен ұрықтандыру әйелге 15 мың фунт стерлинг (7 365 000 теңге) болған.

үшем2

Сән әлеміне жақын әйел жүктілік кезінде де ботекс, шаш жалғау, тырнақты жасанды жолмен өсіру  сынды әдеттерін қоя алмапты. Оған дәрігерлер мұндай процедураларды уақытша тоқтата тұруға кеңес берген екен. Алған бетінен қайтпаған әйел өмірге екі ұл, бір қыз әкелген. Дәрігерлер әйелдің босанатын уақыты  жеткен кезде балаларын ота арқылы алған. Олардың салмағы 1,8 ден бастап 2,3 килограмм болған. Ол ұлдарына Мэйсон және Райан, қызына Лили деген есім берді.

Әйелдің үшемнен бөлек төрт баласы бар. Олар әрине есейіп кеткен. Сондай-ақ, оның  үш немереге әже екен. Көп балалы бақытты ана немерелерінен кішкентай балаларды дүниеге әкелгеніне еш ұялмайтынын айтқан.

«Бұл дегеніңіз қайта олармен бірге ойнайтын достарының қатары көбейді деген сөз»,- дейді 55 жасында босанған ана.

Әйелдің айтуынша үшемнің әкесімен төрт жылдан бері бірге тұрады екен. Күйеуі әйелінің қартайғанына қарамастан бала сүю бақытын армандапты. Арманын орындау мақсатында жасанды жолмен ұрықтандыруды таңдаған.

Әйел бұл таңдауларын балалары әр түрлі қабылдағанын жасырмайды. Балаларының бірі оның жасына алаңдап,балалы болуына қарсы болған көрінеді.

 

 

Талқылау