Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

53 жастағы ескекші жалғыз өзі Тынық мұхитын кесіп өтті

53 жастағы британдық ескекші Тынық мұхитын жалғыз өзі Сан-Францискодан Австралиядағы Кэрнске дейін кесіп өтті.Джон Биден саяхатын 1 маусым күні бастаған екен, ол ескегін тәулігіне 15 сағаттан есіп отырған.

20151227204004

Ол Австралияға бірнеше апта бұрын жетуді жоспарлаған екен, алайда оған ауа райы бөгет болған, деп жазады Би-Би-Си.

Джон Биден ашық теңізде жалпы 209 күн болып, 7400 теңіз милін жүріп өткен.

Ол бірнеше жыл бұрын Атлант мұхитын кесіп өткен екен, кейін, өзінің айтуынша, қиындау бір ерлік жасағысы келген. Джонның айтуынша, Тынық мұхитын кесіп өту өзі күткендей қиын болып шықты.

Талқылау