500 түрлі бактерия бар: Қауіпті паразиттерден қорыққан қазақстандықтар қағаз ақшаларды үтіктеп жүр

Қауіпті паразиттер, бактериялар мен вирустар қағаз ақшаларда көптеп тіршілік етеді. Ұлттық сараптама орталығында зерттеу жүргізіп, біздің банкноталарда аскарида, сальмонелла бактериялары өріп жүргенін анықтады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

500 түрлі бактерия бар: Қауіпті паразиттерден қорыққан қазақстандықтар қағаз ақшаларды үтіктеп жүр

Паразиттердің жұмыртқалары қағаз ақшаларда айлап жүре береді екен. Мұнан кейін өліп қалады немесе адамның организміне көшеді.

Көбіне қаға зақшаларда аскарида, жылан құрт, токсокара тәрізді паразиттер кездеседі.

Мұндағы басты себеп күнделікті ондаған қолдан өтетіні және қолдағы кір болып табылады. Дәл осы себепті әмиянды ескі қағаз ақшаларды ұстау қауіптірек.

«Қағаз ақшаларда 500 түрлі бактериялар мен вирустар бола алады. Энтеровирустар, ротавирустар, сары ауру вирусы, сальмонелла, шигелла, ішек инфекцияларының топтары, стрептококктар және стафилококктар болуы мүмкін», – дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің эпидемиялық бақылау бөлімінің басқарушысы Алмаш Ахметова.

Ал қала тұрғыны Людмила Шукшева қағаз ақшаларды сирек ұстауға тырысады. Ол ақшаны ұстағаннан кейін, бірден қолын жуып тастап отырады және немерелеріне де осы әдетті үйретіп келеді екен. Ал вирустар мен бактериялардан сақтану үшін, қағаз ақшаларды үтікпен үтіктейтін көрінеді.

«Температура микробтарды өлтіреді. Сондықтан үтіктеп қоюға тырысам. Сонан кейін балаларға беремін. Ал оларға ұсақ тиындарды берсем, артынан міндетті түрде қолын жуғызамын», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Людмила Шукшева.

Бұл әдістің паразиттер мен бактерияларға қарсы күресте қаншалықты тиімді екені белгісіз. Кейбірінің пікірінше, артық кетпеу керек. Ақшаны үтіктеген кезде үтік қатты қызымауы тиіс, сонымен қатар қағаз ақшаны мата арқылы үтіктеу керек.

Ал тиындар қағаз ақшаларға қарағанда анағұрлым қауіпсіз болып шықты. Себебі паразиттердің жұмыртқалары металда ұзақ өмір сүре алмайды.

Десе де паразиттер мен бактериялардан сақтану үшін, жеке гигиенаға айрықша мән берген жөн.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар