50 жасында екі есе жас көрінетін қытайлық желі қолданушыларын таң қалдырды (фото)
Қыдайдың Хэнань провинциясының тұрғыны спортпен айналысқандықтан болар 50 жасында екі есе жас, әрі сымбатты көрінеді. Желі қолданушылары әйелдің табиғи сымбаттылығына сенер емес.
Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
Басылым таратқан ақпарат бойынша Е Вэнь (Ye Wen) 30 жасынан бастап үзбей жүзуге қатысып, уақтылы спорт залға барып тұрған. 2016 жылдың наурызында Малакк бұғазын бағындырған әйел Оңтүстік Кореядағы Ханган өзенінен жүзіп өтуді жоспарлап отыр екен.
Иэнь 80 эжасқа келген шағында да су киімді ұялмай киіп жүретініне сенімді. Әйелдің 50 жасындағы сымбаты көптеген қытайлықтың қызығушылығын оятқан әрі олардың біразы әйелдің сымбаты табиғи дегенге күмәнмен қарайды екен.
«50 жасында 20 жасар қыздың сымбатын иеленген әрі көңілді энергияға бай адам» деп жазады желі қолданушыларының бірі Вэнь жайлы.
Талқылау