Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 жастағы қазақстандық қол күрестен әлем чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны Жантас Құсайынов армрестлингтен  әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына екі қола жүлде алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Жантас Құсайынов

Түркияның Анталья қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатына 54 мемлекеттен 1 200-ден аса спортшы қатысты. Оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшысы Жантас Құсайынов та бар. 50 жастағы спортшы чемпионатта оң және сол қолмен күш сынасып, екі қола жүлдеге ие болды.

Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінің мәліметінше, 120 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жантас Құсайынов – халықаралық деңгейдегі әлем чемпионы болып табылады. Айта кетсек, ол додада сол қолмен күш сынасу кезінде, чемпиондық атағын 5 жыл бойы сақтап келген норвегиялықты жеңді.

«Мен бұл чемпионатқа қатысуға ұзақ дайындалдым. 2008 жылы Азия чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін әлем біріншілігіне бара алмаған едім. Ендігі бәрі қолымнан келді. Өз нәтижеме ризамын», – дейді Құсайынов.

50 жастағы қазақстандық қол күрестен екі қола жүлдеге ие болды

Өз сөзінде спортшы қазақстандық құрама додада жақсы өнер көрсеткенін атап өтті.

Айта кетсек, армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша екінші орыннан көрінді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау