Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 мыңға әйелін өлтіруге кісі жалдады: Ақтауда үш баланың әкесі өз балаларын анасынан айырмақ болды

Ақтауда үш баланың әкесі 50 мың теңгеге адам жалдап, бұрынғы әйелін өлтірмекші болды. Айгүл Ілиясова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен келіншек. Күйеуі адам жалдап, оны өлтірмекші болған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасындағы “Пендеміз ғой” бағдарламасына сілтеме жасап.

50 мыңға әйелін өлтіруге кісі жалдады: Ақтауда үш баланың әкесі өз балаларын анасынан айырмақ болды

Күн сайын жарынан психологиялық зорлық-зомбылық көргеннен кейін жас ана онымен ажырасып кеткен. Айгүлдің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны адам жалдатып ұрғызып, қорқытқан. Тіпті, ұрлап кетпекші болған. Бір таңғаларлығы, олар мектеп кездерінен таныс.

«Мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алу үшін Мәскеуге кеттім, ал ол Ақтауда қалды. Бірақ, алыста болғанымызбен телефон, әлеуметтік желі арқылы үнемі байланысып тұрдық. Үшінші курсты бітіргеннен кейін сырттайға ауысып, оған тұрмысқа шықтым. Алайда, күйеуге шыққаннан кейін оның мінезінде қатігездік барын байқай бастадым. Ашудан тіпті өзін-өзі ұстай алмайды»,- дейді Айгүл Ілиясова.

Оның сөзінше, күйеуі жұмыстан сәл кешіксе ашуланады. Ал, Айгүл банкте жұмыс істегендіктен жұмыс кестесі тұрақты бола бермеген. Бірақ, мұны түсінбеген күйеуі болмашы нәрсеге шу көтереді екен. Ол әйелі әзірлеген тамақ, жинаған үй ұнамаса да жанжал шығарған. Алайда, үш жылдай ата-анасымен тұрған кезде мүлде қол көтермейтін дейді Айгүл.

«Арасында екеуміздің арамызда түсініспеушілік болып тұрды, бірақ үйде ата-енем болғандықтан күйеуім аздап тартынып жүрді. Ол ата-анасының қолынан кеткен соң, мен екінші балаға аяғым ауыр болған кезде алғаш рет қол көтерді. Осылай жиі қол көтеретін болды. Балаларым кішкентай болғандықтан ба алғашында онымен ажырасамын деген ой мүлде болмаған. Алайда, біздің арамыздың суып кететініне де ешқандай себеп болған жоқ. Үйленбес бұрын біраз уақыт дос болып кездесіп жүрдік. Арамызда сезім өте жылы болды. Бірақ, екінші балаға аяғым ауыр кезде қарым-қатынасымыз қатты нашарлап кетті»,- дейді Айгүл көзіне жас алып.

Ерлі-зайыптылар арасында қанша жанжал болғанымен, олар 8 жыл бір шаңырақ астында тұрды. Некеде үш балалары бар. Айгүл күйеуінен зорлық-зомбылық көрсе де некесін сақтап қалуға тырысқан. Тіпті, отбасылық жанжалды шешу үшін психологиялық кітап оқып, некесін сақтау үшін күрескен. Күйеуіңді қаншалықты құрметтесең, өзің де соншалықты құрметті боласың деген ұстаныммен жүрген Айгүл барлық қиындыққа төтеп, жарының көңілінен шығу үшін барын салды.

«Бар ойым балаларды бағып-қағу, оларға жоғары білім беру болды. Ол кезде ажырасу туралы мүлде ойлаған емеспін. Бірақ, мен жағдайды жақсартуға қаншалықты тырысқаныммен, ара-қатынасымыз жылдан жылға нашарлай бастады. Күйеуім жиі қол көтерін болды»,- дейді жас ана.

Айгүл күн сайын күйеуінен соққы жегендіктен онымен ажырасуға бел буған. Сүйіп қосылған жарынан ажырасқанда үшінші баласына жүкті болған екен. Үшінші сәбиін күтіп жүрген ана ер азаматының ешқашан өзгермейтініне көзі жеткендіктен одан кетуге мәжбүр болды. Оның үстіне Айгүл балаларының да әкесінің қандай озбыр адам екенін көріп өскенін қаламапты. Бірақ, ажырасса да бұрынғы күйеуі соңынан қалмай, тыныштық бермеген.

«Келіп қорқытатын. Егер менімен қосылмасаң мен сені өлтіріп кетемін дейтін. Қол-аяғыңды сындырып кетемін. Ешкімге керек болмай қаласың, сол кезде маған қайтып келесің және сол кезде сені мен бағатын боламын дейтін. Бірақ, мен оның сөздеріне мән бермейтін болдым. Ол менің кетіп қалғаныма ашуланып жүр деп ойладым. Айқай-шу шығарып, ұялы телефонымды шағып, үйдің кілтін, құжаттарымды алып кеткен кездері де болды. Мен бәріне көз жұма қарап, полиция да шақырмайтынмын. Алайда, ол бірнеше рет мені өлтіретінін айтып қорқытты»,- дейді Айгүл.

Айгүл күйеуімен ажырасқаннан кейін үш баласын асырау үшін тынбай жұмыс істеді. Кәсіпкерлікпен айналысатын әйел баларын қарау үшін әпкесімен бір пәтерде тұрған екен. Бірақ, бұрынғы күйеуі әпкесінің көзінше де Айгүлді де, оны да өлітіретінін айтып, қоған-лоққы көрсеткен.

«Бұрынғы күйеуім: Екеуіңіздің де құныңыз 50 мың теңге. Мен кез келген адамға барып елу мың теңге ұсынсам сізді өлтіріп кетеді деді. Ақыры, ол балалар үйінде өскен сотталған адамды жалдап, тапсырыс берді. Сол баланың хаттамасы бойынша, мені бір ай бойы аңдыған екен. Менің күнделікті өмірімді аңдыған. Сосын 23 сәуір күні күндіз қызымды мектепке апарып келе жатқанымда артымнан біреудің тез-тез көтеріліп кеткенін байқап қалдым. Ол адам менің атымды атап шақырғанда бұрылып қарай қалдым. Қарасам бойы аласа, бетіне қара бетперде киген жігіт екен. Сол кезде менің Айгүл екенімді біліп, бетімнен ұрып жіберді. Соққыдан жерге құлап түсіп, айқайлап көмек шақырдым. Ал, ол бір-екі секунд қасымда тұрып, сосын қашып кетті. Осы жағдайдан кейін полияция бөлімшесіне барып, арыз жаздым»,- дейді бұрынғы күйеуінен жәбір көрген Айгүл Ілиясова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау