Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Амазонка ормандарынан табылды

Бес жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Канада тұрғыны жақында Амазонка джунглиінен табылды.

photo_207502

Бұл туралы Canada Journal хабарлайды.

39 жастағы Антон Пилипа 2012 жылы Ванкуверде жоғалып кетеді. Бес жыл ішінде ол АҚШ, Мексика, Гватемала, Коста-Рика, Панама, Колумбия, Венесуэла, Аргентина және Бразилияға барады.

Оның отбасы Антонның қайда жүргендігінен мүлде бейхабар болған. Тек өткен жылдың желтоқсан айында оларға Бразилия полициясы хабарласады. Антон полицей әйелмен кездейсоқ жолығысып қалған екен.

b73b398db55fa521dced44c8be9ae696

Тәртіп сақшысы оны паналатып не ақшасы, не құжаттары жоқ екенін байқайды. Әйел оны ауруханаға алып барғанымен, ер адам ол жақтан қашып кетеді. Кейін канадалық тағы да ұстап алып, оның кім екенін анықтаған.

Бразилия билігі ер адамның туыстарымен байланысқа шығады. Антонның ағасы оның біраз уақыттан бері ұмытшақтық ауруына шалдыққанын да айтыпты.

Талқылау