Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасар бүлдіршін балабақшаға есірткі алып келді

Американың Филодельфия штатында 5 жасар бала балабақшаға есірткі алып келді. 

5 жасар бүлдіршін балабақшаға есірткі алып келді

Бала Киприан Карфаген атындағы рим-католик шіркеуіне қарасты балабақшаға таңертең ерте келіп, өзін біртүрлі қырынан көрсете бастайды. Тәрбиешінің көмекшісі баланың шалбарының қалтасында әлдеқандай зат барын аңғарады. Ол бастапқыда ойыншық екен деп ойлап, баладан оны көрсетуін сұрайды. 

Бүлдіршін оған пакет толы есірткіні береді. Оны бейтаныс адамның бергенін, оны "қалтаңа жасырып қой" деп ескерткенін айтады. 

Қызметкер бұл туралы әкімшілікке айтады. Әкімшілік полицияға хабарлайды. Полицейлер келіп жеткен соң пакеттен 22 дозалық крэк барын анықтайды. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балабақшадағы өзге тәрбиеленушілер есірткіні татып алған жоқ.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Ешкім қолға түскен жоқ.  

 

Талқылау