Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасар баланы көлік қағып, жолдың шетіне тастап кеткен: Әкесі ұлының жағдайы туралы айтып берді

Алматыда Шығыс айналма жолында көлік қағып, көрпеге орап жолдың шетіне тастап кеткен 5 жасар бала комада жатыр.

5 жасар баланы көлік қағып, жолдың шетіне тастап кеткен: Әкесі ұлының жағдайы туралы айтып берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Кеше үшінші дәрежедегі комада жатқан. Бүгін екінші дәрежеде. Бұл әлдеқайда жақсы. Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта бала дағдарыстық кезеңді өткеруі керек. Ол көзін ашты. Жақсарып келеді», – дейді баланың әкесі Мұрат.

Өз сөзінде ол дәрігерлердің баланың басында пайда болған ісік пен бас сүйек сынықтарын алып тастағанын растады. Соққыдан кейін баланың миы үлкейе бастаған.

Баланың әкесі әзірге ұлын қағып кеткен жүргізуші туралы ештеңе білмейді.

«Қазіргі уақытта ол адам мені қызықтырмайды. Бастысы ұлымның өмір сүргені. Полиция оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Тергеушілер «Баланың ата-анасы ішеді ме?» деген тәрізді жағымсыз сауалдар қойды. Мен бұл олардың жұмысы екенін түсінемін. Алайда бұл бәрі-бір жағымсыз. Біздің қалыпты адам екеніміз көрініп тұрған жоқ па?» – дейді ол.

Ұлы қайғылы жағдайға тап болғанда, әкесі жұмыста болыпты. Ол әріптестерінен өз үйінің маңындағы ағаштың түбінде қансыраған бала жатқанын естіпті.

«Ол кезде мен оның өз балам екенін білмедім. Маған үйдегілер хабарласып, ұлымды таба алмай жатқанын айтты. Мұнан кейін мен видеоны көрдім. Онда өз балам жатыр екен. Ол қатты соққы алғанын, көгеріп кеткенін көріп, есімнен танып қалдым», – дейді баланың әкесі.

Сол күні бала ағасымен бірге өз үйінің маңында ойнап жүрген.

Мұраттың сөзінше, екінші ұлы қайғылы жағдайды өз көзімен көргендіктен, шок алған.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау