Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасар баланы қағып, жолдың шетіне тастап кеткен: Полиция оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр

Алматы ІІД қаладағы Шығыс айналма жолында белгісіз жүргізушінің 5 жасар баланы қағып, жолдың шетіне тастап кеткеніне куә болған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

5 жасар баланы қағып, жолдың шетіне тастап кеткен: Полиция оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр

«Алматы ІІД 2018 жылы 146 шілдеде сағат 09:10-да Одесский және Брянск көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіруде.

Естеріңізге салсақ, аталған ЖКО салдарынан 2014 жылғы бала зардап шеккен еді. Бұл оқиға туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден +7 701 888 4882, 254-40-09, 254-40-42 және 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», – делінеді хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау