Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасар бала ескерткішті сындырғаны үшін ата-анасына 132 мың доллар айыппұл салынды

Оверленд-Парк қаласының қоғамдық орнында 5 жасар бала қымбат ескерткішті сындырып қойды. Баланың ата-анасынан 132 мың доллар айыппұл талап етуде.

5 жасар бала ескерткішті сындырғаны үшін ата-анасына 132 мың доллар айыппұл салынды

Бейнебақылау камерасынан екі баланың «Афродита Канзас-Сити» деп аталатын ескерткіш жанында ойнағаны көрсетілген. Баланың бірі ескерткішке өрмелеп шыға бастайды. Ескерткіш баланың салмағын көтере алмай құлап, сынып қалды.

Ата-анасына 132 мың доллар көлемінде айыппұл төлеу туралы қағаз жіберілген.

«Сіздер кәмілетке толмаған балаңыз үшін жауап бересіздер. Баланы бақыламауды немқұрайлы қарау деп білеміз», – делінген хатта.

Ескерткіш авторы Билл Лайонс оны жасауға екі жыл уақыты кеткенін айтады. Айтуынша, ескерткіш қалпына келтірілмейді.

Баланың анасы Сара Гудман мұндай жазамен мүлде келіспейді. Ол айыппұлды төлеуден бас тартты. Айтуынша, қымбат ескерткішті балалар ойнайтын қоғамдық орынға қоюдың өзі ақымақтық. Ал, билік өкілдері қоғамдық орындарда бұрын да қымбат ескерткіштердің қойылғанын, бірақ оған еш баланың мінбегенін айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау