Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасар бала 4105 рет кеудесін жерден көтеріп, жұртты қайран қалдырды (видео)

Шешенстанда тұратын 5 жасар Рахим Куриев 2 сағат 25 минуттың ішінде 4105 рет кеудесін жерден көтеріп, рекорд орнатты. Ендігі ол бұл жаттығуды тағы қайталап, рекордын ресми түрде тіркемек.

5 жасар бала 4105 рет кеудесін жерден көтеріп, жұртты қайран қалдырды

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екі сағат 25 минуттың ішінде 4105 рет кеудесін жерден көтерген Рахимның рекордын тіркеу болмаған. Оның көрсеткіші туралы мәлімет Ресейдің Гиннестің рекордтра кітабына жіберілгенімен, қызметкерлерде бірақатар сұрақ туындаған. Сондықтан 5 жасар бала бір аптадан кейін рекордын қайталамақ.

Өңірдегі денешынықтыру және спорт министрлігінің басшысы Муса Ханариковтың сөзінше, Рахимның ата-анасы оның жоғарыда аталған көрсеткішін қайта қайталауына рұқсат берген.

«Ол мұнан көп жасай алатын еді. Бірақ бұл қажет болмады», – дейді Ханариков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау