Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл Қазақстан 5 күн іздеген 16 жасар қыз құрбысының үйінде тығылып жатқан

Шымкентте жоғалып кеткен 16 жасар қыз бес күн бойы құрбысының үйінде тығылып жатқан. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Айдана

Көркемөнер мектебіндегі сабағынан кейін үйіне келмеген қыз жайлы полицияға оның туған әпкесі хабарлаған болатын. Соңғы рет жоғалған қызды таныстары 28 шілде күні сабақта көрген. Айдананың әпкесі оның мінезі ауыр екенін, кейде “р” әріпін дұрыс айта алмайтынын, үстінгі ернінде кішкентай тыртығы барын айтқан.

16 жастағы қызды іздеуге Шымкент қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. ОҚО ІІД барлық бөлімдеріне Айдана туралы мәлімет жіберіліп, оның орналасқан жерін анықтауға барлық күш жұмсалған.

Бүгін 4 тамыз күні Әл-Фараби полиция бөлімшесінің жедел-іздеу шараларының арқасында із-түссіз жоғалған қыз құрбысының үйінен аман-есен табылды. Тәртіп сақшылары 16 жастағы қызды ата-анасына қайтарды.

Қазіргі таңда полицейлер болған жағдайдың анық-қанығын әлі де анықтау үстінде.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 31 шілдесінде полиция бөлімшесіне 1975 жылы туған жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. 2000 жылы 11 мамырда туған Айдана Қахарман 28 шілде күні сағат 14.00 шамасында шығып кеткен соң үйіне оралмаған.

“Қыздың табылғанына бір сағат уақыт болды. Оның жасы 16-да. Өтпелі кезеңде. Ол мұндай қадамға ата-анасына ренжігендіктен барыпты. Бес күн бойы құрбысының үйінде тығылып жатыпты”, – дейді әпкесі Айнұр Қаһарман.

Талқылау