Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді

Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген күн, яғни 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұл туралы елордада “Жаңа әліпби – Жаңғыру жолы” тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Барлықтарыңызды жаңа мерекелеріңізбен құттықтаймын! Осы уақытқа дейін бұл мереке қыркүйек айының әр жексенбісіне келіп түсетін. Ахаңның біраз құжаттарын ақтардық. Бұрын Ахаң 1973 жылы 29 қаңтарда дүниеге келді деп келген.

Архифтерді ақтарғанда Ахаңның өз қолымен жазған үш құжат табылды. Үшеуінде де ол “бесінші қыркүйек күні тудым” деп жазған. Яғни, Ахмет Байтұрсынов 1972 жылы 5 қыркүйекте өмір есігін ашқан. Мектеп оқулықтарына да өзгерістер енгізіліп жатыр. 2018 жылдан бастап 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып аталып өтетін болады”, – дейді Ербол Тілешов.


Қазақстанда тілдер күні мерекесін қашан және не үшін тойлайды

Талқылау