5 күн көше кезген миллионер бірнеше отбасыға үй сыйлады

Бейсенбі, 5 Қазан , 2017 12:20

Миллионер Александр Росляков бес күн бойы көше кезбесіне айналып, кейін жағдайы жоқ тұрғындарға 23 миллион рубльге сыйлық алып берген.

Бұл туралы obaldela.ru басылымы хабарлайды.

Ресейлік бағдарламалардың біріне қатысқан Александр Росляков ақшасы жоқ, еңбек сабағының мұғалімінің рөлін сомдауы тиіс болатын. Бай-бағландарша өмір сүріп үйренген Александр үшін бұл нағыз сынақ болды. Миллионердің транспорттық компаниясы бар. Аталған компанияның әр елде филиалы бар. Қысқы демалысын әдетте Балиде өткізеді. Соңғы рет сол жақтан ұшып келіп 5 күн бойы ақшасыз жүруге мәжбүр болған.

Өзінің шоудағы рөлін атқарып жүріп үйсіздерге арналған “Әркім қымбат” атты жетімдер үйінде қонған. Оны ерлі-зайыпты Денис және Елена Цой құрған болатын. Бағдарлама аяқталған соң Александр оларға құны 7,5 млн тұратын үй сатып алып берді. Сыйға тартылған бұл үйде дәл қазір тағы 27 үйсіз адам тұрып жатыр. Мұнда тек ер адамдар паналай алады.

Екінші сыйлық жазушы Арсений Яковскийге табысталды. Миллионер бұл жазушымен үйсіздерге арналған баспанада жүріп танысқан. Александр оған да үйдің кілтін табыстады. Мұнымен қатар, оның жаңа кітабын шығарып беруге уәде еткен екен.

Қазір жазушы ішімдікке тәуелділігінен арылып, жеке өмірін ретке келтірудің қамын ойлап жүр.

Миллионер бұдан өзге 4 бөлмелі пәтерді көпбалалы ана Светлана Степановаға табыстады. Бұдан өзге миллионер бұл отбасыға үйге керек-жарақ сатып алу үшін 1 000 000 рубль берген.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның әр түкпірінен келген адамдар Есет батырдың басына барып тілек тілеп жүр (фото)

Миллионер Қайрат Құдайберген: Елдің жағдайын көзбен көру үшін аптасына бір рет автобуспен жүрем

Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар